Биыл Құрбан айт намазы оқылмайды
Жарияланды
Карантин кезінде республика бойынша мешіттер жабық
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл Құрбан айт намазы мешітте оқылмайтындығы туралы мәлімдеді. Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ Telegram каналы хабарлады.
«Алла қаласа, биылғы Құрбан Айт мерекесі Ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр.
Алайда еліміздегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, республика бойынша мешіттер жабық болады. Осыған байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды»,-деді Наурызбай қажы Тағанұлы.