Қазақстандық жоғары оқу орындары коронавирусқа байланысты онлайн-білім беруге ауысуы мүмкін
Жарияланды
Бұрын қашықтықтан оқыту кейбір институттарда жүргізілген
Қазақстандық жоғары оқу орындары коронавирустық инфекция қаупіне байланысты қашықтықтан оқытуды енгізуі мүмкін.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қашықтықтан оқыту туралы білім және ғылым министрлігі құжаттар пакетін дайындады. Студенттерді онлайн оқыту туралы ұсыныс түсті. Бұрын қашықтықтан оқыту кейбір университеттерде жүргізілгенін білемін. Оған қарсы емеспіз. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз, сондықтан қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар беретін мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек »,-деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.