Бір аптаға созылған үзілістен кейін Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты жалғасын тапты.
Бұл жолы қазақстандық «Барыс» Череповецте ҚХЛ Шығыс конференциясының турнир кестесінде оныншы орында келе жатқан жергілікті «Северстальмен» кездесті.
Кездесудің басында алаң иелері басымдық танытып, ойынның бірінші кезеңінде қонақтарға дес бермеді, сөйтіп кезең аяқталардан бұрын матчтың есебін де ашып үлгерді – 1:0.
Ойынның екінші кезеңінде шайба екі қақпаға да дарымады. Қазақстандықтар есепті тек үшінші кезеңде ғана теңестіруге қол жеткізе алды. Ол кезде Эрик Тангрейди «Барыс» ойыншыларының көпшілігін пайдалана білді.
1:1 – ойынның негізгі уақыты осындай есеппен аяқталды, қарсыластар текетіресті овертаймда жалғастыратын болды. Қосымша кезең тек үш минутқа созылды, шайбаны қақпаға...