Бес жылдан бері Ақтау маңында «Жинкиндер жайлауы» шаруа қожалығы жұмыс істеп келеді. Оның иесі ешкі өсірумен қатар, жүзім егіп, балық пен шаян өсіруді қолға алған. Алайда бұл істің қанатын кеңейтіп, ірі аграрлық-туристік кешен құруға бюрократия кедергі келтіріп тұр.
Осыдан он жыл бұрын Руслан Жинкин ірі құрылыс компаниясын басқаратын еді, кейіннен бұл істі тастап, мал шаруашылығын қолға алады. 2014 жылы 18 ешкі сатып алған, алайда бір жыл ішінде олардың тек сегізі қалады, өйткені бұрынғы құрылысшы ешкі бағудың қыр-сырын білмейтін еді.
Кәсіпкер ешкі өсіруді, ең алдымен, балаларына сүт керек болған соң қолға алған. Алайда ешкілер айналада шашылып жататын полиэтилен пакеттерді шайнап, содан...