«Нормандтық төрттіктің» көшбасшылары саммитке жиналып, Добастағы қақтығысты реттеу мәселесін талқылайды. Бұл турасында Интерфакс хабарлайды.
Ресей, Франция, Украина президенттері Владимир Путиннің, Эмманюэль Макронның және Владимир Зеленскийдің, сондай-ақ ГФР-дің канцлері Ангеле Меркельдің кездесуі француз көшбасшысының Елисей сарайындағы ресми резиденциясында өтеді.
Мұның алдында төрт мемлекеттің көшбасшылары осындай форматта 2016 жылғы қазанда Берлинде кездескен болатын. Кездесулердегі мұндай ұзақ үзіліс осы саммитке қатысушылардың жартысы – Зеленский мен Макрон – үшін осындай форматтағы шаралардың алғашқысы болуына әкеліп соқты.
Париждегі осы жолғы келіссөздер кезекті рет бүкіл Францияны шарпыған жалпыұлттық ереуіл мен наразылық білдіру акциялары жағдайында өтейін деп отыр. Бұл жолғы ереуілге шыққандар үкімет жүзеге асыруды жоспарлап отырған зейнетақы реформасына қарсылық білдіруде.
Соған қарамастан, Мәскеудегілер «ереуілшілердің әрекеттері саммит өткізуге кедергі болмайды», деген сенім білдірді. «Мұндай жағдайда біз саммит өткізуге төніп тұрған қандай да бір қауіпті көріп тұрған жоқпыз. Біз француз билігінің осы кездесуді өткізуге тиіс жағдайды жасауға қабілетті екеніне сенімдіміз», – деді, осыған орай, Ресей президентінің баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков.
Сонымен бірге, Песков келіссөздердің қорытындыларынан аса көп дүниені күтудің қажеті жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, кездесудің өткізілуінің өзі жағымды жүние.
Ресейлік тараптың күтілімдері туралы айта отырып, Песков төмендегідей түсініктеме берді: «Күтілім біреу – ол осы елдің шығысындағы ішкі украиндық қақтығысты реттеуге қабілет ету, Минскідегі келісімдерге балама жоқ екенін тағы бір рет жалпыға түсінікті етуді қамтамасыз етуге тырысу, осы Минск келісімдерін қандай бір жоққа шығарушылықтарға жол бермеу».
Осы орайда, атап айтар нәрсе, самиттің жемісті болатынына тек Мәскеуде ғана емес, сонымен қатар, Парижде, Берлинде, Киевте, тіпті, Вашингтонда да сенім артып отыр.
«Мен Ресей мен Украина арасындағы дайындалып жатқан келіссөздер (норманд форматындағы) – өте маңызды, деп есептеймін. Үлкен прогресске қол жеткізуге мүмкіндік бар», – деді сейсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп.
Өз кезегінде, Зеленский Париждегі саммиттің нәтижесіз аяқталуы мүмкін екенінен ғана қорқатынын мәлімдеді.
«Мен бір нәрсеге ғана жүйкемді тоздыруым мүмкін: құр кезедесіп, көрісіп, ананы-мынаны сөз қылып, жоспарлап отырмыз, деп тарқаймыз ба деп… Мен кез келген келіссөздердегі нәтижесіздікті ұнатпаймын, бұл – имандай шыным. Сондықтан мен жалғыз осыдан ғана қорқам», – деді ол.