Ресей премьері лауазымына үміткер пайда болды
Владимир Путин Федералдық салық қызметінің басшысы Михаил Мишустинмен жұмыс кездесуін өткізіп, оған үкіметке басшылық жасауды ұсынды, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған РИА Новости.
«Келісімін алған ол (Путин. — Ред. ескерт.) Мишустиннің кандидатурасын Госдуманың қарауына енгізді», — деп қосты баспасөз қызметіндегілер.
Парламенттің төменгі палатасы бұл мәселені 16-қаңтардағы пленарлық отырыста қарастырады.
Естерңізге салсақ, сәрсенбі, 15-қаңтарда Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев ел президенті Владимир Путинмен кездесу барысында үкіметтің толық құрамда отставкаға кететіні туралы мәлімдеген болатын.
Путин үкімет мүшелеріне атқарған жүмыс үшін алғыс білдірді. Сөзінің соңында президент: «әрине, бәрі орындалған жоқ», – дегенді қосты.