Трамп Қытай және Ресеймен жақсы қарым-қатынаста болғанның пайдасы туралы айтты

Жарияланды 20 Қаңтар 2020 03:25

АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама штаттарға ҚХР және Ресеймен әріптестікте болған тиімді деп мәлімдеді. Бұл турасында ТАСС хабарлайды.

«Қытаймен жақсы қарым-қатынаста болу – бұл жақсы, Ресеймен де, басқа елдермен де дұрыс қарым-қатынаста болған жөн. Алайда біз кейбіреулердің бізді өз мүдделеріне пайдаланғанын қаламаймыз», – деді Ақ Үйдің басшысы Техаста өткен митингте айтқан сөзінде.

Бұдан бұрын, Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров та Трамптың Ресеймен әріптестікте болғанның тиімділігін түсініп отыр, бірақ АҚШ-та «бұл көзқараспен келіспейтін және екі мемлекет арасындағы байланысты ретке келтіруге қарсы күштер бар», деп мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз