Ресурстар

Қытайдағы коронавирус құрбандарының саны 170 адамға жетті

КХР-дың Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті жаңа мәліметтерді хабарлады

Өткен тәулікте Қытайда пневмонияның жаңа түріне шалдығудың 1 731 расталған оқиғасы тіркеліп, сырқаттардың қазаға болуының 38 жағдайы орын алды, деп хабарлайды Интерфакс.

ҚХР Мемлекеттік комитетінің деректері бойынша, қазаға жеткізген 38 жағдайдың 37-сі дерт тарауының орталығы болып табылатын Хубэй провинциясының үлесіне тиесілі болса, тағы бір оқиға Сычуань провинциясында орын алған. Өткен жылғы желтоқсаннан бері елде, барлығы, коронавирустың жаңа тұрпаты қоздыратын пнемонияға шалдығудың 7 711 оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 170 адам қаза болды.

Осы орайда, атап айтарлығы, Хубэйде 4 586 науқас тіркеуге алынса, олардың 2 261-і – коронавирустың тарауы басталған провинцияның әкімшілік орталығы Ухань қаласының үлесінде. Провинцияда коронавирустың құрбанына ұшыраған 162 адамның  129-зы Ухань қаласына тиесілі.

Материктік бөліктен тыс жердегі Қытай аумағында пневмонияның жаңа түріне шалдығудың 25 расталған оқиғасы тіркелген: 10 жағдай Гонконта, жетеуі –  Макаода және тағы сегіз оқиға Тайваньда орын алған.