Сенат спикері Қордайдағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Жарияланды
Сондай-ақ қайтыс болған жандардың жақындарына көңіл айтты

Дариға Назарбаева Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы орын алған оқиғадан қайтыс болған және зардап шеккен жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз-қызметі. 

«Қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккен жандардың тез сауығып кетуіне тілекшімін. Қазақстан халқы үшін бейбітшілік пен келісім басты құндылық болып табылады. Біз бүгін қаза болған жандарды қайғыра еске ала отырып, қоғам үшін бейбітшілік пен келісімнен маңызды ештеңе жоғын ерекше түсінеміз», – делінген хабарламада.

Осы құндылықтарды өз өміріміздей сақтау әрқайсысымыздың міндетіміз.

«Арандатушылар мен тонаушылар – адамдардың қаны мен қайғысына өмір сүретін қылмыскерлер. Қордай ауданында үкіметтік комиссиямен бірге ҚР Парламенті Сенатының депутаттар тобы жұмыс істеуде», – деді Д. Назарбаева.

Айта кетейік, өткен жұма күні Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масаншы ауылының тұрғындары арасында жанжал шығып, арты топтық төбелеске ұласқан. Қақтығыс салдарынан, отыз шақты тұрғын үй мен ондаған дүкен қирап, бірнеше көлік отқа оранған. 10 адам қайтыс болып, 165 кісі медициналық көмекке жүгінген. 
 

Сондай-ақ оқыңыз