Үш күн ішінде Қырғызстаннан Қазақстанға 21 мың адам келген

Жарияланды
Бұған дейін 24 мың адам қазақ-қарғыз шекарасынан өткен еді

2020 жылдың 7-9 ақпан аралығында қазақ-қырғыз шекарасындағы «Тоқмақ», «Ақ-Тілек», «Ақжол» және «Кең-Бұлын» өткізу пунктерінен Қазақстаннан Қырғызстанға 24 мыңнан аса адам өткен деп хабарлайды 24.kg.

Шекарадан өткісі келген көпшіліктің бәрінде қажетті құжаттары болмаған.

«Олардың арасында балаларының азаматтығы туралы қажетті құжаттары жоқ азаматтар да болды, оларды біз өткізген жоқпыз», – деп мәлімдеді Қырғызстан МШҚ шекаралық бақылау қызметінің басшысы Нұрланбек Джалбиев. 

Сонымен қатар ол 7-10 ақпан аралығында  21 мыңнан аса адам қайтып келгенін айтып өтті. 

«Бұл кісілердің бәрі  Масаншы мен Сортөбе ауылдарында болған қақтығыстан кейін шекарадан өткен адамдар емес. Олардың арасында өзге қалалардан келген азаматтар да бар. Бұл жалпы цифр»,– деді Джалбиев. 

Айта кетейік, өткен жұма күні Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масаншы ауылының тұрғындары арасында жанжал шығып, ол Ауқатты, Бұлан батыр ауылдарын қамтып, арты топтық төбелеске ұласқан. Қақтығыс салдарынан отыз шақты тұрғын үй мен ондаған дүкен қирап, бірнеше көлік отқа оранған. 11 адам қайтыс болып, 165 кісі медициналық көмекке жүгінген.  Сол кезде мыңдаған тұрғын шекарадан Қырғызстанға өтіп кеткен еді. 

 

Сондай-ақ оқыңыз