Мамандар алкогольді тазалық сақтау мақсатында ғана пайдалануға кеңес берді

Жарияланды
Спирттік өнімдер коронавируспен күресе ала ма?

 Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау  басқармасының басшысы Сәуле Кисикова спиртті ішімдіктерді коронавируспен күреске қолдануға  болмайтындығын брифингте мәлімдеді.   

«Ішуге ме,  болмайды. Сіздер түсінесіздер ме, біз құрамында спирті бар сұйықтықты тек тазалық сақтау үшін қолдануға болатындығын айтып отырмыз. Спирттік өнімдерді ішіңдер деп кеңес беріп отырған жоқпыз,»-деп қадап айтты Кисикова.

Қаланың бас дәрігерінің айтуынша, коронавируспен ауырып қалған жағдайда науқастар үшін 200 орындық стационар қаланың шетінде дайын тұр.

«Сондықтан басқа науқастастар бір-бірімен еш тоғыспайды. Осыны нақтылағым келеді. Егер адам коронавирус жұқтырған күнде олардың өзі 4 категорияға бөлінеді. Жеңіл, орташа, ауыр деңгейдегі, сондай-ақ үйде карантинге жататын науқастар деп диагностика жасаймыз» ,-деп тағы да нақтылады.

Бүгін де барлық тепловизорлық стационарларда медициналық құрылғылар толық. Әсіресе коронавирустың ауыр түріне шалдыққандар үшін емдеудің түрлі тәсілдері қолданылады.

Сондай-ақ оқыңыз