Алматы қаласында жаңбыр жауып, таулы аймақта қар түсті. Таулы аймақтарда 4 см қар түскен. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Су басу мен көктайғақтың алдын алу мақсатында 397 бірлік арнайы техника, оның ішінде 37 құм төгетін машина жұмылдырылды. Сондай-ақ бұл жұмысқа 20 мотопомп және 866 жол жұмысшылары тартылды.
Қаланың жоғарғы бөлігіне тайғаққа қарсы 15 тонна материалдар себілді.
Қала және аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.