Алматыда мұқтаж отбасылардың үйлері тегін газдандырылады 

Жарияланды
Қалада 28 отбасыға тегін газ жүргізілді

Алматыда мұқтаж отбасылардың үйлері тегін газдандырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев мәлімдеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Бүгінгі таңда қала әкімдігі халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарынан шыққан азаматтарды газбен қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жүргізуде. Жеңілдікпен несиелендіру немесе тегін негізде жүзеге асырмақ.

 «Биыл біз 28 отбасыға тегін газ жүргіздік. Газбен жабдықтаумен тағы 46 үйді қамтуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, бүгінгі күні Наурызбай ауданында 310-ға жуық газдандырылмаған үй бар», — деді Бағлан Дәндібаев.

Газдандырылмаған үйлердің басым бөлігі маусымдық үйлер болып табылатынын және саяжай ретінде пайдаланылатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында Бақытжан Сағынтаевтың бастамасы бойынша Halyk Bank-пен бірлесіп, тұрғын үйлерді газдандыруды жеңілдікпен несие беру  бойынша жаңа бағдарлама әзірленді. 

Бұл бағдарлама Алматы қаласының тұрғындарына газды қосу үшін пайызсыз несие беруге мүмкіндік береді. Жоба халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтары санатының тұрғындары үшін және өз тұрғын үйін газдандырғысы келетін қалған алматылықтар үшін кең қамтуға арналған
 

Сондай-ақ оқыңыз