ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «ҚР мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысы шықты, – деп хабарлады коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
6 қазаннан бастап жолаушылар тасымалындағы тәртіптер өзгеріп, карантиндік талаптар күшейтіледі.
Жаңа қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама болмаған жағдайда кіруге жіберілмейді. Сондай-ақ, халықаралық рейстермен келген қазақстандықтарда осындай мерзіммен анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін екі тәулікке карантиндік стационарға оқшауланады.