Алматыда ертең қалың қар жауады
Жарияланды
Демалыс күндері кей жерлерде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болуы ықтимал
13 қарашада Алматыда қар жауады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
«Фронтальды бөліктердің шиеленісуіне байланысты Алматы облысы мен Алматыда 13 қарашаға қараған түні қар жауады. Күндіз кей жерлерде жауын-шашын болады.
14 қарашада күндіз кей жерлерде жауын-шашын түсіп, қар жауады.
15 қарашада түнде кей жерлерде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады деп болжап отырмыз», – деді синоптик Дәулет Қисебаев.
Синоптиктің айтуынша, бұл биылғы Алматыда жауатын алғашқы қалың қар болмақ.