Еліміздегі барлық білім беру ұйымы бұлтты бухгалтерияға көшеді

Жарияланды
Мақсат - білім саласындағы қаржыландырудың ашықтығын және тиімділігін бақылау

2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстандағы білім беру ұйымдарының барлығы «Цифрлы бухгалтерия мен қаржы» жүйесіне көшуді бастайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
 
Жаңа жүйені енгізудегі мақсат – көпшілік үшін білім саласындағы қаржыландырудың ашықтығын және тиімділігін бақылауды қамтамасыз ету. Бухгалтерияны, кадрларды, есепке алу мен бюджетті жоспарлауды автоматтандыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға және қаржыны тиімді пайдалануды арттыруға жағдай жасайды.
 
Білім беру саласын қаржыландыру жылдан жылға артып келеді. Әрине, оның қаншалықты жеткілікті немесе жеткіліксіз екендігі туралы көп айтуға болады. Алайда, сол бөлінген қаражатты тиімді пайдалану маңыздырақ.
 
Бұл  жүйе Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысындағы білім беру ұйымдарында пилоттық жоба ретінде апробациядан өтті. 
 

Сондай-ақ оқыңыз