Қорға міндетті зейнетақы жарналырын аудару әдісі қандай

Жарияланды
БЖТ міндетті төлемдердің төрт түрін біріктіреді

Қорға міндетті зейнетақы жарналырын аудару әдісі. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның Telegram каналы хабарлады.

Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) аудару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

Егер Сіз жалданып жұмыс істесеңіз, онда жұмыс беруші (агент) ай сайын өз қызметкерлеріне төленетін табыстың 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалады және Қорға аударады.
Егер Сіз салық агенті болып табылатын тұлғамен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс жасасаңыз, онда ол (агент) Сіздің табысыңыздың 10% мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалады және аударады.

Егер Сіз салық агенті болып табылмайтын тұлғамен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (азаматтық-құқықтық сипаттағы) жасасқан болсаңыз, онда Сіз өз пайдаңызға екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы БЖЗҚ-ға алатын табыстың 10 пайызынан кем емес, бірақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан аспайтын мөлшерде жарналар аударуға құқылысыз.

Егер Сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатарынан болсаңыз, онда МЗЖ бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) құрамында төлей аласыз.

БЖТ міндетті төлемдердің төрт түрін біріктіреді:

•    10% – жеке табыс салығы;
•    20% – әлеуметтік аударымдар;
•    30% – міндетті зейнетақы жарналары;
•    40% – міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар.

2021 жылы БЖТ мөлшері республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін 2 917 теңгені және басқа елді мекендердің тұрғындары үшін 1458,50 теңгені құрайды.

Егер Сіз жеке кәсіпкер болсаңыз немесе жеке практикамен айналысатын болсаңыз, онда салық кезеңінің әрбір айы үшін МЗЖ есептеп, оны БЖЗҚ-ға өз пайдаңызға аудара аласыз.
 

Сондай-ақ оқыңыз