Қазақстанда теміржолдың жылжымалы құрамы жаңартылуда.Бұл жұмыс «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
Министрліктің алқа мәжілісінде вице-министр Берік Камалиев тиісті сандарды келтірді.
2020 жылы Нұр-Сұлтан – Арқалық, Атырау – Маңғыстау, Алматы – Жезқазған, Нұр-Сұлтан – Семей, Қызылорда – Семей, Алматы – Өскемен және Алматы – Маңғыстау бағыттарына 100 жолаушы вагоны сатып алынды.
Сондай-ақ, өз елімізде жасалған 20 жүк локомотиві сатып алынды (53 млрд.тг.).
2021 жылы Алматы-Маңғыстау және Атырау-Алматы бағыттарына тағы 43 жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, 60 локомотив сатып алу жоспарда бар: оның 31-і жүк және 29-ы жолаушылар тасымалына арналған.