Қызылордалық аналардан құралған ерікті топ жұмыс істейді. Топта отыздан астам көпбалалы және жалғызбасты аналар жұмылдырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қала секторларға бөлінген. Белсенділер өздері сияқты әйелдерге көмектеседі. Мұқтаждарды киіммен және тамақпен қамтамасыз етеді. Олар дер кезінде моральдық қолдау көрсетеді.
«Біз көп балалы аналармен жұмыс жасаймыз. Мен көмек бола бере алатыныма қуаныштымын. Біз қазірдің өзінде 150 отбасыға көмектестік. Олар өздеріне керегін алады. Медицина жағынан, құжаттама, өнімдер, заттар мен тұрмыстық техника жағынан»,-деді ерікті Эльмира Раим.