Saudi Aramco мұнай компаниясының пайдасы 49 миллиард долларға төмендеді
Сауд Арабиясының Saudi Aramco мұнай компаниясының таза пайдасы 2020 жылы 1,8 есеге азайып, бір жыл бұрынғы 88,2 миллиард доллармен салыстырғанда 49 миллиард долларды құрады, деп хабарлайды «Коммерсант».
Saudi Aramco президенті Амин ан-Насер өткен жылы коронавирус пандемиясының әсерінен компания тарихындағы ең қиын жыл болды деп мәлімдеді.
«Алайда, капитал мен операциялық тиімділікке көбірек көңіл бөлу нәтижесінде компанияның қаржылық жағдайы мықты болып қалды және 2020 жылы Saudi Aramco акционерлерге 75 миллиард доллар дивиденд төлейтіндігін жариялады», – деп қосты Амин ан-Насер.
2020 жылы компаниядағы орташа өндіріс деңгейі мұнай эквивалентіне күніне 12,4 млн баррельді құрады. Оның ішінде мұнай күніне 9,2 млн баррельді құрайды. 2020 жылдың сәуірінде Сауд Арабиясында мұнай өндірісі тәулігіне 12,1 миллион баррельге жетіп, бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Бірақ ОПЕК + келісімі елді өндірісті қысқартуға мәжбүр етті.