ADCB ислам банкі топ-менеджерлеріне 460 млн теңге төлеген

Жарияланды 23 Шілде 2026 12:31

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Ислам банкі

«ADCB» Ислам Банкі» АҚ Басқарма мүшелерінің 2025 жылы алған жалпы сыйақы көлемі 460 810 877 теңгені құрады.

Банктің Басқарма Төрағасы – Гордон Джеймс Хаскинс. Ол ақпараттық технологиялар, персоналды басқару, операциялық департамент және қауіпсіздік салаларына жетекшілік етеді.

Төраға орынбасарлары-Басқарма мүшелері лауазымында үш маман қызмет атқарады:

  • Айдын Таиров – қаржы мен қазынашылық мәселелеріне жауапты;
  • Гүлшат Асқатова – тәуекелдерді басқару бағытын қарайды;
  • Елтай Мухамеджанов – корпоративтік және бөлшек сауда блогын басқарады.

«ADCB Ислам Банкі» АҚ (бұрынғы Al Hilal Ислам Банкі) – Қазақстан мен ТМД елдеріндегі алғашқы ислам банкі. Оның жалғыз акционері және негізгі иесі – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі қаржы институттарының бірі Abu Dhabi Commercial Bank (ADCB). БӘӘ үкіметіне тиесілі Mubadala Investment Company егеменді қоры соңғы бақылаушы тарап.

2026 жылдың наурыз айының соңында реттеуші ADCB-ге елімізде екінші еншілес банк ашуға рұқсат берді. Жаңа құрылатын банк әмбебап лицензия алып, исламдық терезе (Islamic window) арқылы қызмет көрсетпек.

Сондай-ақ оқыңыз