Эпидемиологиялық шараларға Үкімет қосымша 265 миллиард теңге бөледі

Жарияланды
Экономиканы ынталандыруға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға негіз болмақ

Эпидемиологиялық шараларға Үкімет қосымша 265 миллиард теңге бөледі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    «Оның 70 миллиард теңгесі карантиндік шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге бөлінді, ал 80 миллиард теңге медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге төленді», деді Үкімет отырысында сөз алған Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. 

Сонымен қатар, нақтыланған бюджет жобасында Мемлекет басшысының тапсырмаларын қаржыландыруға 154 миллиард теңге қарастырылған. 

Бюджеттің қосымша шығыстарының жалпы көлемінде аймақтарға бөлінген трансферттер 539 млрд теңгені құрайды.

Осылайша, қосымша қаражат бөлу экономиканы ынталандыруға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға негіз болмақ.
 

Сондай-ақ оқыңыз