
Қазақстанда келесі жұмыс күніне АҚШ долларының ресми бағамы 445,56 теңге болады, деп хабарлайды Kursiv Media.
KASE-де 2 қазан сағат 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы осы деңгейде қалыптасты. Бұл көрсеткіш келесі жұмыс күнінің ресми USD бағамын белгілеуге негіз болады. Ұлттық банк ережесіне сәйкес, 15:30-дағы KASE бағамы келесі жұмыс күніне ресми бағам ретінде белгіленеді.
2 қазанға доллардың ресми бағамы 441,91 теңге болған. Осылайша, келесі жұмыс күніне доллар 3,65 теңгеге немесе 0,83%-ға қымбаттайды. Яғни теңге АҚШ валютасына қатысты бір күнде айтарлықтай әлсіреді.
2 қазанға Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша еуро – 499,05 теңге, Ресей рублі – 5,30 теңге, Қытай юані – 65,91 теңге.