Цемент өндіретін зауыт шетелдік акционеріне 1,8 млрд теңге дивиденд төлейді

Жарияланды 2 Қазан 2026 16:50

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Цеменет зауыты дивиденд төлейді / Фото: shutterstock

Қарағанды облысындағы «Қарцемент» зауыты иесіне дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. AIX биржасында жарияланған ресми құжатқа сәйкес, қаржы кәсіпорынның 2022–2025 жылдардағы бөлінбеген таза пайдасы есебінен аударылады

Қаражат компанияның жалғыз акционері – Малайзияда тіркелген Steppe Cement (M) SDN BHD құрылымына аударылмақ. Бұл құрылым Малайзияда тіркелген және Лондон қор биржасында листингтен өткен.

Төленетін дивиденд сомасы 1 811 750 000 теңгені құрайды. Әр жай акцияға шаққанда 35 494,58 теңгеден келеді.

Акционердің тиісті шешімі 2026 жылғы 29 қыркүйекте қабылданды. Белгіленген тәртіп бойынша қаражат 90 күнтізбелік күн ішінде толықтай банк аударымы арқылы төленуі тиіс. Құжатқа кәсіпорынның Бас директоры Джордж Розарио Рамеш қол қойған.

Бұған дейін Алматы әуежайы екі жылда тапқан таза пайдасын түгел түрік акционеріне аударатыны белгілі болған.

Сондай-ақ оқыңыз