Германияда пандемия басталғаннан бері коронавирусты жұқтырудың бірде бір жағдайы тіркелмеген ауыл анықталды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Германияның батысындағы Рейнланд-Пфальц жерінде 400 тұрғыны бар кішкентай неміс Лиг ауылы 14 ай қатарынан коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың жоқтығымен танымал болды. Сонымен бірге, Сovid-19 пандемиясы басталғаннан бері ел бойынша 3,6 миллионнан астам адам індетке шалдыққан. Жергілікті халықтың 90% күн сайын басқа елді мекендерге жұмысқа барады.
Жапония билігі жанкүйерлерді коронавирустық инфекцияның жоқтығы туралы анықтама ұсынған жағдайда Токиода өтетін Олимпиада мен Паралимпиадаға жіберуге ниетті.
Кірген кезде жанкүйерлер індеттен сау екендігін растайтын сертификатты көрсетуі керек. Екпе салдырған азаматтар да тиісті құжатты ұсынуы шарт.
ПТР зерттеу стадионға келгеннен жеті күн бұрын жасалуы керек.
Стадионға кірер алдында мамандар, көрермендердің температурасын тексеріп, бетпердені кию режимін міндетті түрде сақтау қажеттігін еске салады.
Ал Олимпиададағы жанкүйерлердің санын шектеуге қатысты мәселе маусым айында шешілетін болады.