Бахрейннен адам саудасы бойынша күдікті экстрадицияланды
Жарияланды
Ол Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды
Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бахрейн Корольдігінен Зарифа Османованы экстрадициялады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Оған Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды жыныстық қатынастарға түсу мақсатында пайдалану үшін жіберуді жүзеге асырған трансұлттық ұйымдасқан топты басқарған деген күдік келтірілуде.
Қылмыс жасалғаннан кейін З.Османова қылмыстық қудалау органдарынан жасырынды, сол үшін халықаралық іздеуге жарияланды.
Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.