Алтын әшекейлерді сатқан шымкенттік алаяқ ұсталды
Жарияланды
Тексеру жұмыстары жүргізілуде
Алтын әшекейлерді сатқан шымкенттік алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам арзан бағаға алтын әшекей бұйымдарын сатамын деп, қолына жалған әшекейлерді беріп, алаяқтық жолмен 80 мың теңге ақшасын қолма-қол алып, осы күнге дейін алған қаражатын қайтармай жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.