Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл 75 балға дейін көтерілді

Жарияланды
Бұрын шекті балл 50 болған

Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл 50-ден 75 балға дейін көтерілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өткен жылы «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлерінің саны айтарлықтай өсті.

2020 жылдан бастап педагогика мамандығының түлектері педагог-модератор біліктілігін ала алады. Ол үшін Ұлттық біліктілік тестілеуден өтіп, өз дағдыларын көрсету керек. Сонымен қатар біліктілік санаттарын растайтын педагогтер жалақының 30%-дан 50%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша ақы алатын болады.

2021 жылдан бастап дипломға қосымша педагогикалық мамандық түлектерінің міндетті түрде біліктілік алуы енгізіледі. Олар кәсіби шеберлік бойынша сертификаттаудан өтуі керек.

Алғаш рет мектепке дейінгі білім беру педагогтерін аттестаттау енгізілді, білім беру ұйымдарының директорлары мен балабақша меңгерушілерін тағайындау тәртібі өзгерді.

Сондай-ақ оқыңыз