S&P Global агенттігі «KaspiBank» АҚ рейтингі бойынша болжамын жақсартты

Жарияланды
Болжамның өзгеруіне бірнеше фактор әсер еткен

29 маусым күні S&P GlobalRatings халықаралық рейтинг агенттігі «KaspiBank» АҚ-ның рейтингтері бойынша болжамды «Жағымды» деңгейіне дейін көтерді. 

S&P Global бірнеше маңызды факторды атап өткен:

•    Өткен жылы басқа қазақстандық және ресейлік банктерге қарағанда Kaspi-дің кредит шығындары айтарлықтай төмен болды. 
•    COVID-19 пандемиясына қарамастан Kaspi-дің резервтерді (тәуекелдердің құны) қалыптастыруға бағытталған шығыны бесжылдық төменгі көрсеткіш 1.7% деңгейіне түсті. Бұл бірінші кезекте несиелік шешімдерді қабылдау шараларының тиімділігіне байланысты. 

Құрамына Kaspi Bank кіретін Kaspi.kz 2021 жылы төлем және электронды коммерция сегментінде айтарлықтай өсім көрсетуін жалғастыруда. Ай сайынбелсендіклиенттердің саны 10 млн адамға жетіп отыр, ал орташа капиталға қайтару көрсеткіші рекордтық мәнге – 85%-ға жеткен.

Kaspi.kz-тің басшысы Михаил Ломтадзе:

«Рейтингтер бойынша болжамның жақсаруы – Қазақстанда жасалған бизнес-моделіміздің бірегей екенінің кезекті дәлелі. Кредиттік портфельдің жоғары сапасы біріншікезектекредиттікшешімдер қабылдаған кезде ең заманауи технологияларды пайдалануымызға байланысты. Kaspi қазақстандық банктер мен салыстырғанда ғана емес, ресейлік банктер мен салыстырғанда да өте жақсs көрсеткіштерді көрсетіп отыр, бұл командамызға бөлек мақтаныш факторы» дейді. 

S&P Global сондай-ақ эмитенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингтерін «BB – / B» деңгейінде және ұлттық шкала бойынша «kzA» рейтингін растады.
 

Сондай-ақ оқыңыз