Алматы мен Алакөл арасында тағы бір пойыз жүреді

Жарияланды
№ 211/212 коммерциялық пойызы аптасына екі рет қатынайды

Жаздыгүні Алакөлге демалуға баратындардың қатары көбеюіне орай, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы мен Алакөл арасында жүретін тағы бір пойыз қосты. «Алматы-2 – Достық» бағытындағы №211/212 пойызы аптасына екі рет қатынайды. 

Алматы-2 станциясынан  жүретін пойыз 2021 жылғы 1 шілдеден  9 тамызға дейін бейсенбі және дүйсенбі күндері аттанатын болады. Бұл №211/212 пойыз вагондары ауа баптағышпен жабдықталған.

Жалпы, жаңа пойызды есепке алсақ, Алакөл бағытында 11 пойыз (8-і «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на киесілі,  үшеуі жеке тасымалдаушылар) қатынайды. Атап айтқанда,  Нұр-Сұлтаннан –3 пойыз, Алматыдан –5 пойыз (2020 жылы 3 пойыз болған),  Шығыс Қазақстан облысынан –2 пойыз және қала маңынан бір пойыз жүреді.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан  пойызға билетті BILET.RAILWAYS.KZ сайты  немесе «ҚТЖ билеттері»  мобильді қосымшасы арқылы онлайн алуға болатынын еске салады. 
 

Сондай-ақ оқыңыз