Ресурстар

Алматы ХҚО-лары қайтадан бронмен қабылдайтын болды

Алдын ала кезек алу керек

Алматының ХҚО-лары азаматтарды 07 шілдеден қайтадан алдын ала бронь бойынша қабылдайды. 

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ХҚО қызметкерлері клиенттердің мәртебесін Ashyq қосымшасы арқылы тексереді.

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, санитарлық-профилактикалық шараларды күшейту тәртібін сақтай отырып, ХҚО жұмыс кестесі дүйсенбі-сенбі күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін деп белгіленген. 

«ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414bot телеграмм-боты мен egovmobile мобильді қосымшасы арқылы брондауға болады. Барлық клиенттен санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, бетперде тағуды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз» дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК» Алматы қаласы филиалының директоры Ермек Бекжүнісов.