Қазіргі кезде вакцинаның I компонентін 4 020 128 адам салдырса, II компонентін 2 283 761 адам алған.
Өткен тәулікте 2800 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, жалпы 35 554 адам (34 265 КВИ+ және 1 289 КВИ-) емделіп жатыр.
Соның ішінде 10 940 пациент – стационарда, 24 614 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 709 адамның жағдайы ауыр, 161 пациенттің жағдайы өте ауыр, 91 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.