Маусым айында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындакөлік иелерін сақтандыру қызметтерін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Көлікті қайта тіркеуді ресімдей отырып, клиент сол жерде сақтандыру полисін сатып ала алады. Енді басқа қызмет көрсету терезелеріне кезекке тұрудың немесе «делдалдардан» сақтандыру полисін ресімдеудің қажеті жоқ. Жаңа қызмет туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин баяндады.
«Мамандандырылған ХҚО операторларымен көлік иелерін сақтандыру қызметі әдетте мамандандырылған ХҚО-лардаклиенттерге өз мүддесі үшін қызметтерін ұсынатын «көмекшілерге» клиенттердің шағымдарымен байланысты міндеттерді шешуге көмектеседі. Егер пилоттық жоба сәтті іске асырылатын болса, біз еліміздің басқа мамандандырылған ХҚО-ларында да сақтандыру қызметін енгіземіз» деді Мемлекеттік корпорация төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.
Клиенттерге көлікті қайта тіркегеннен кейін ақпараттық жүйелері бір-бірімен ықпалдастырылған сақтандыру ұйымын таңдау ұсынылады. Ағымдағы кезеңде «Евразия» сақтандыру компаниясымен келісім жүзеге асырылған. Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап 300-ден астам азаматтық-құқықтық жауапкершілік шарты жасалды.