Ресурстар

Туристік фирма 143 жалған вакцина паспортын жасаған

Жалған құжат жасағандар 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Жыл басынан бері ішкі істер органдары ПТР-тест нәтижелері мен вакцина паспорттарын қолдан жасаған 30 фактіні анықтады, деп хабаррлайды ІІМ. 

Мысалы, Алматы қаласында қажылардың Сауд Арабиясы Корольдігіне кетуін рәсімдеу кезінде вакцинация паспорттарын (143 паспорт) дайындауға қатысы бар туристік компания анықталды. 

Қазір мотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тінту іс-шаралары барысында ұйымдастыру техникасы, мөрлер, бланк өнімдері алынды, сот сараптамалары тағайындалды.

Еске сала кетейік, жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

«Интернет желісіне мониторинг жүргізу кезінде біз деректер базасында ресми тіркелген анықтамаларды немесе вакцинация паспорттарын дайындау туралы жалған ұсыныстарды анықтаймыз.Біз қазірдің өзінде уәкілетті органға бұғаттауға жататын осындай 35 хабарландыруды жолдадық.Ішкі істер министрлігі осы аурумен байланысты барлық қылмыстық көріністерге ерекше назар аударады» дейді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.