Бір тәулікте 5 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Жарияланды
47,8 мың адам ем алып жатыр

Өткен тәулікте елімізде 5 314 адам  коронавирус инфекциясын жұқтырған. Жалпы пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 472 106 жетті. 

Қазақстан өңірлеріндегі эпидахуалды бағалау матрицасы бойынша,  «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «Сары» аймақта: Алматы және Жамбыл облыстары тұр.  «Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта. 

Соңғы мәлімет бойынша, 47 828 адам коронавирус инфекциясынан (46 306 КВИ+ және 1 522 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 280 пациент  – стационарда,  32 548 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында  919 адамның жағдайы ауыр,  212 пациенттің жағдайы өте ауыр, 126 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
 

Сондай-ақ оқыңыз