
Астана уақытымен 15:31 де Қазақстан қор биржасында доллардың құны 486,30 теңгеге саудалануда. Бүгінгі күннің ең минималды доллар бағасы – 485,31 теңгеге дейін төмендеді.
Алматыдағы айырбас орындары долларды 458-486 теңгеден долларды қабылдап жатыр. Ал керісінше халыққа 488-489 теңгеден сатуда. Астана қаласында да валюта осы баға арасында саудалануда.
Соңғы апта бойы доллардың бағасы KASE де 484-490 теңге дәліз арасында қалыптасып отыр.
Айта кетейік, Еуразиялық даму банкі сарапшыларының болжамына сәйкес, АҚШ долларының орташа жылдық бағамы біртіндеп: 2026 жылы – 490 теңге, 2027 жылы – 505 теңге, ал 2028 жылы 525 теңге болуы мүмкін.