30 мыңнан астам пайдаланушының жеке деректері желіге тарап кеткен
KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі интернеттің қазақстандық сегментіне мониторинг жүргізу барысында Telegram-арналарының бірінде Telegram мессенджерін пайдаланушылардың дербес деректері жинақталған 744 мың жазбадан тұратын файлды анықтаған.
Талдау нәтижесінде файлда пайдаланушының ID, аты, тегі, телефон нөмірі және «өзі туралы» деген бағандағы пайдаланушыны сипаттау сияқты жеке мәліметтер бар екендігі анықталды. Бұл ретте, қазақстандық телефон нөмірлеріне 30 мыңнан астам аккаунт тіркелген.
«Telegram-арнаның авторы табылған файлды «Құдайдың көзі» платформасының клиенттер базасы ретінде сипаттайды, ол сұрау салу бойынша әлеуметтік желілерден, мессенджерлерден, іздеу жүйелерінен және басқа да дереккөздерден алынған ақпарат негізінде жиналған пайдаланушылардың дербес деректерін алуға мүмкіндік беретін ТМД-дағы ең ірі сервис (1 млн. астам пайдаланушы) болып табылады. Дербес деректердің бұндай таралуы зиянкестердің әлеуметтік инженерияда ақпаратты пайдалануында, атап айтқанда, дербес және банктік деректерді алу мақсатында қоңырауларды жүзеге асыру және хабарламалар жөнелту кезінде үлкен тәуекелге алып келеді» делінген хабарламада.
Осыған байланысты сарапшылар интернет пайдаланушыларынан кибергигиенаны сақтаудың маңызын ескертіп, дербес деректерді енгізу кезінде қырағылық танытуды және үшінші тұлғаларға жеке ақпарат бермеуг шақырады.