Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады

Жарияланды
Президент ашулы

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады 

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбук парақшасында  мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қайрат Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді»,- делінген хабарламада. 

Сондай-ақ оқыңыз