Қырғызстанда күндізгі форматтағы оқу жылының басталуы 15 қыркүйекке ауыстырылды

Жарияланды
Тиісті құжатқа Министрлер кабинетінің басшысы Улукбек Марипов қол қойды

Қырғызстанда күндізгі форматтағы оқу жылының басталуы білім беру саласы қызметкерлерінің 70 пайызын вакцинациялауға үлгеру үшін 1 қыркүйектен 15 қыркүйекке ауыстырылды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Тиісті шешімге Қырғызстан Министрлер Кабинетінің басшысы Улукбек Марипов қол қойды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Шешім елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қабылданды.

 «Жалпы Қырғызстанның білім беру секторында 152 827 адам жұмыс істейді. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметі бойынша, тек 56 114 білім беру қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті егілді. Міндет қойылды – білім беру саласы қызметкерлерінің кем дегенде 70 пайызын вакцинациялау, бұл кем дегенде 52 мың адамды вакцинаның екі компонентімен қамту », – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

 

Сондай-ақ оқыңыз