Краундфандинг қалай жұмыс істейді?

Жарияланды
Жобаны сәтті жүзеге асыру жолдары

Бүгінде жоба жүргізіп, оны алға жылжыту үшін инвесторлар тартудың «краудфандинг» деп аталатын әдісі кеңінен қолданылады. Яғни көпшіліктің көмегіне жүгініп, әркім қалауына қарай ақшалай не басқа да ресурс түрінде қол ұшын береді. Негізі краудфандинг жобасы белгілі бір мерзімді қамтиды. Автор немесе фаундер өзіне қажет қаражат сомасын белгілеп, оған қанша уақыт ке-регін жариялайды. Мұндағы ең басты принцип — ашықтық. Яғни инвестор қаражатының қайда және қандай көлемде жұмсалғанын біліп отыруға тиіс. Жо-баның да түріне қарай, инвестор болашақта түсетін табыстың бөлігін алуы, салғанын толық қайтарып алуы болмаса қайтарымсыз негізде салуы мүмкін. Краундфандинг Қазақстанға да біртіндеп еніп келе жатыр. Әсіресе, стартап жо-балар пайдаланады. Сонымен бірге білім беру, экологиялық, қайырымдылық бағыттарда қаражат осы әдіспен жиналады.

 
Есеп айырысу әдістері

     Айтқандай, фаундер инвестормен есептесу жолын алдын-ала келіседі. Соған байланысты қаражатты қайтарудың бірнеше түрі бар:
•    Қайырымдылық не донат түрінде — қаржыландырудың бұл түрі коммерци-ялық емес не жеке жобаларға ғана арналған.
•    Сыйақы түрінде — жоба қатысушыларына бағалы сыйлықтар беріледі. 
•    Қарыз капиталын тарту арқылы (Debt-based Crowdfunding) — жобадан түскен ақшадан пайызбен қайтаратындай етіп салым салынады. 
•    Акциялар краудфандингі (Equity Crowdfunding) — жобадан үлес беріледі. 
•    Криптовалютаның белгіленген жаңа бірлігіне ауыстыратын түрі — стартапер-лер өз криптовалютасын шығарып, оны Bitcoin немесе Ethereum сынды таны-мал түрлеріне айырбастайды.

Краудфандингті қалай қолға алса болады?

1.  Алдымен жобаның мақсатын анықтап алу керек. Яғни әлеуметтік жоба ма, инвестициялық өнім бе, әлде бар бизнесті жандандырғыңыз келе ме? Осы мақсатына байланысты краудфандингтің қай түрі сізге қолайлы екені белгілі болады.   

2.  Бұдан кейін жобаның қаржыландыру тәсілін таңдайсыз. Айталық, сіз кәсіп-пен айналысып жүрген адамсыз. Қысқа мерзімге қаражат керек болып қалса, онда краудлендинг тәсілі дұрыс. Яғни қарапайым адамдар не өзге компания-лар сізге қарыз бере тұрады. Ал енді жаңа бизнес-жобаның шымылдығын түргелі жатсаңыз, краудинвестинг жақсырақ. Мұнда инвесторлар ақша салып, оны компанияңыздың бағалы қағаздарына ауыстырады. Айталық, сұранысы бар тауар өндіріп, қызмет көрсетесіз. Ондай жағдайда инвесторларға еңбегіңіздің нәтижесін айырбастауды ұсынып көрсеңіз болады. Мысалы, ма-никюр жасайтын студияңыз болса, бір жылға сертификат түрінде дегендей. Краудфандингтің бұл түрін қаржылай емес сыйақы негізінде деп те атайды. Бұдан бөлек, қайырымдылық бағыттағы түрі бар. Аты айтып тұрғандай, бұл қайтарымсыз негізде жүреді.   

3.  Қаржыландыру көзін тапқан соң алаңды белгілеу маңызды. Яғни қай түрін таңдасаңыз да, инвестициялық платформа яки делдал-сайтпен бірлесіп жұмыс істеуге тура келеді. Яғни бұл платформада жекелеген инвесторлар қаражат қажет етіп жатқандарды табады. Бір айта кетерлігі, осы жолмен екі ортада ақша табуға тырысатын алаяқ аз емес. Сондықтан әлдекімге инвестор болмас бұрын фаундердің сенімді екеніне көз жеткізу керек. Ол үшін платформаның қашаннан бері жұмыс істеп келе жатқанын, қанша жемісті жобаны жүзеге асырғанын, қазіргі таңда қанша адам бұған қаражат салып жатқанын, желіде бұл жоба жайлы қандай пікірлер айтылып жатқанын шолып шығу міндетті. Олай болмаса, қаражатыңыздың табан астында айырылып қалуыңыз бек мүмкін. Бәлкім, осы платформаға бұрын-соңды қаражат салып яки не жи-наған адам тауып, сонымен тілдесіп көрерсіз. Сөйтіп жұмысына қатысты баға алуға болады. Сонымен бірге келісімшарт жасасарда бәрін мұқият оқып шығыңыз. Қажет болған жағдайда заңгер көмегіне жүгініп, заң жүзінде қан-шалықты дұрыс жасалып жатқанын бір тексертіп алу артық болмайды. Егер көңіліңізді кішігірім болсын күмән болса, тәуекел етпеген жөн. Одан қайта сенімдірек басқа алаң іздеп көріңіз. Ал енді бір қарағанда бәрі дұрыс, таза жұмыс істейтін алаңға ұқсап тұрса, серіктесіп жатқандардан жобаны іске қосу үшін қандай құжат керегін сұрап, жекелеген инвесторларға арнап инвестици-ялық ұсыныс рәсімдей ала ма, жоқ па біліп алыңыз. Сондай-ақ, ақша аудары-мы үшін бөлек комиссия төлене ме, әлде ортақ бір ғана комиссия алына ма — анықтау керек. Асықпаңыз. Бірнеше платформаға бас сұғып, қарастырыңыз. Сөйтіп бірнеше нұсқаның ішінен ең дұрыс дегенін таңдаңыз. 

4  .Инвестициялық ұсыныс жасаңыз. Ол үшін инвестициялық платформамен келісімшарт жасасу қажет. Алдымен алаңда тіркеліп, аккаунт ашасыз. Сөйтіп сізден талап етілген құжаттарды көрсетесіз. Платформада жобаңызды таны-стырасыз. Сайт мамандарымен бірлесе отырып, инвесторларға арналған ұсы-ныс жасап шығуыңыз керек. Оның ішінде сіздің мойныңызға алатын міндет-темелер тізіледі. Мәселен, инвесторларға қандай көлемдегі қаражатты қанша мерзім ішінде төлеп бересіз немесе олар инвестиция құйғаннан кейін қандай құқыққа ие болатынын көрсетесіз. Одан бөлек, инвестициялық ұсыныста оның мерзімі, жинағыңыз келетін минимал сумма көрсетілуі керек. Егер сол шектен аса алмай қалсаңыз, платформа мақсаты орындалмады деп белгілеп, сізге ештеңе берілмейді. Сондай-ақ, максимал сумма да көрсетіледі. Осы ме-жеге жеткен соң жинау тоқтатылады. Цифрлық құқықтарды тоқтату шартта-рын нақтылау қажет. Яғни ұсынып отырған соң, инвесторлар кейін оны сата ала ма, сатса қандай ережелерді ұстануы керек, цифрлық құқық шарты қашан тоқтатылады — бәрі анық жазылуға тиіс. Сіздің міндеттеріңіз бен цифрлық құқық ережелері инвестициялық келісімшартқа қосылады. Сөйтіп платформа оны екі адамның арасында автомат түрде жасап, бизнесіңізді қаржыландыра-ды. Әрине, қажет соманы жинай алған болсаңыз.     

5.  Құжат түрінде бәрін рәсімдеп болсаңыз, ақша жинауға кірісіңіз. Негізі әр платформада инвесторлардың аударған ақшасы түсетін белгілі бір есепшот болады. Яғни заң аясында қаражаттың айналымы реттеліп тұрады. Қаржы-ландыруды сұраған кәсіпкерлерге керек сумма жиналған соң аударып, тиісті жобасын таппай не ақшасын салмайтын болып ойы өзгерген инвесторларға ақшасын қайтарып, платформаға тиісті комиссиясын береді. Банктер тарапы-нан әлгі қаражаттың түпкі мақсатына жеткеніне көз жеткізу үшін бақылау жүргізіледі.      

6.   Ең соңғы қадам — есеп айырысу. Яғни жоба сәтті жүзеге асса, инвесторлар-мен есеп айырысып, салық төлеу керек. Әу баста келісімшарт жасалғанда бәрі жазылған. Енді қалғаны соны орындау ғана. Бұл дегеніміз бағалы қағаз түрінде беру, цифрлық құқық тарату не ақшасын қайтару деген сөз. Крауд-лендинг арқылы іске асырсаңыз, инвесторларға платформаның инвестици-ялық есепшотына ақша салу арқылы қайтарасыз. Краудфандинг арқылы тар-тылған қаражат табыс түрінде саналатындықтан, цифрлық құқық сататын болсаңыз, ол үшін салық төлеуге міндеттелесіз. Ал оның көлемі мен төлем мерзімі салық жүйесіне байланысты. Инвесторлардан ақша алып немесе олар сізден бағалы қағаз түрінде айырбас жасайтын болса, табыс салығын төле-мейсіз. Сонымен бірге коммерциялық емес ұйым ақша жинауды қайы-рымдылық бағытта деп көрсетуі мүмкін. Ондайда салық көлемі коммерци-ялық емес ұйымның есеп жүйесіне сәйкес төленеді.           

 

Сондай-ақ оқыңыз