Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды

Жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жолдауында айтты.

 «БҰҰ алдағы 10 жылдың ішінде жаһандық деңгейде су ресурсының тапшылығы болады деп болжам жасап отыр. 2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40% жетуі мүмкін. Сондықтан жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ. Бұл аса маңызды міндет. Үкімет су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдер әзірлеуге тиіс», – деді Тоқаев.

Президент ондаған жылдар бойы қомақты қаражат бөлінгеніне қарамастан ауыз су мәселесі әлі шешім таппағанын айтты.

 «Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында 5 жыл ішінде халықтың 100 процент таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырамын.», – деді Тоқаев.
 

Сондай-ақ оқыңыз