Елімізде сүт өнімі қымбаттайды
Қазақстанда сүт өнімі қымбаттайды. Еліміздегі сүт өндірушілер осындай болжам жасады. Бұл туралы «Хабар 24» сайты хабарлады.
Сүттің қымбаттауы Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сай тауарды таңбалаудан өткізу түрткі болды.
Бұл жағдай әсіресе шығыс қазақстандық кәсіпкерлерді қатты алаңдатып отыр.
Олардың айтуынша, өнімнің өзіндік құны 29 процентке көтерілмек. Құрылғы сатып алуға кететін қаражат бағдарламалық қамсыздандыру, таңбалауға қажет материалдар мен жұмыс күшіне төленетін еңбекақы және өзге де шығындарды өтеу қажеттігі туды.
Сондықтан жаңа жүйені енгізу үшін кәсіп иелеріне қаржылай көмек керек.
Бастапқы күйде бағасы өскен тауардың тұтынушыға жеткенге дейінгі құны тіптен шарықтайды. Шамамен 40-50 процент қосылады. Демек, бүгінде сүттің литрі орташа 420 теңгеден саудаланса, бұдан былай ол 600 теңге болуы мүмкін,- деді кәсіпкер Анне Аберлен.