Халық санағынан 17 миллионнан астам қазақстандық өтті
Қазақстанда 1 қыркүйекте ұлттық халық санағы басталды: сол уақыттан бері оған ел халқының 91,6 пайызы, яғни 17 428 058 адам қатысты, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
Оның ішінде азаматтардың 40,4 пайызы санақтан онлайн, 51,2 пайызы офлайн режимде өтті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.
«26 қазандағы халық санағын өткізуде Алматы қаласы көш бастады – мұнда санаққа қатысушылардың саны бұрын тіркелген қала халқының 107,5 пайызын құрады. Мәселен, қазіргі уақытта қолда бар деректер бойынша Алматы қаласы тұрғындарының саны 2 005 496 адамды құрайды. Бұл ретте халық санағына 2 154 907 адам қатысты. Осы кезеңде халық санағы мегаполис тұрғындарының нақты көрінісін көрсетеді деп айтуға болады », – деді бюро басшысы.
Екінші орында Түркістан облысы халық санағына 98,6 пайыз, яғни 2 032 333 адам қатысты. Үшінші орында Жамбыл облысы халықтың 98,6% немесе 1 129 863 адам қамтылған.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына барлығынан да онлайн санаққа қатысу ұнады, оның 57,7 пайызы жаңа форматтағы санақтан өтті. Екінші орында 52,9% көрсеткішпен Қызылорда облысы. Үздік үштікті Жамбыл облысы аяқтады, мұнда тұрғындардың 47,2 пайызы онлайн санаққа қатысуды жөн көрді.
Дәстүрлі форматтағы халық санағына қатысудың ең жоғары көрсеткіші Алматы қаласында тіркелді – тұрғындардың 76,1%-ы үйме-үй аралау кезінде санақтан өтті. Екінші орында 69,6 пайыз көрсеткішпен Шымкент қаласы, үшінші орында Алматы облысы тұрғындардың 60 пайызы халық санағына қатысудың дәстүрлі форматын таңдаған.
Қазақстанда 2021 жылғы ұлттық халық санағының негізгі кезеңі 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді.