Путин мен Байден бүгін бейнебайланыс арқылы не туралы сөйлеседі
Ресей және Америка көшбасшыларының кездесуі бүгін, 7 желтоқсанда қауіпсіз бейнебайланыс арқылы өтеді, деп хабарлайды РБК РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, тікелей эфир болмайды, тек президенттердің қарым-қатынасының алғашқы кадрлары көрсетіледі.
«Әрине, Женевада қол жеткізілген келісімдердің қалай жүзеге асырылып жатқанын талқылау қажет», – деп жауап берді Песков ресейлік тараптың келіссөздердегі басымдықтары туралы сұраққа.
Президенттің баспасөз хатшысының хабарлауынша, Путин мен Байден «жағдайы нашар күйінде қалып отырған» екіжақты қарым-қатынастарды талқылайды.
Сондай-ақ президенттер Украинадағы жағдай мен НАТО-ның барысы туралы сөйлеседі.
CNN хабарлауынша, Байден Ресейдің Украинаға басып кіруге дайындалып жатқаны туралы барлау қызметтерінен ақпарат алған.
«Байден (әңгімелесуде – Ред) АҚШ басқыншылыққа жаңа санкциялармен жауап беруге, қажет болған жағдайда Еуропаға қосымша әскер жіберуге дайын екенін айтады», – деп жазады басылым.