Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18 пайыз

Жарияланды
Президентке биылғы Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық халық санағының алғашқы қорытындылары туралы есеп берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Асқар Маминнің мәліметі бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы әйелдер.

Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18 пайызға жеткен.

Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.
 

Сондай-ақ оқыңыз