Қарағандыны жаңа жылға безендіруге 29 млн теңге жұмсалады
Қарағандыны жаңа жылдық безендіруге бюджетке 29 млн теңге жұмсалады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, қаланы безендіру үшін жаңа да, ескі де мерекелік әшекейлер – алты шырша, 64 шағын сәулеттік пішін және 471 жарықдиодты элементтер қолданылады. Қатты климаттық жағдайларға байланысты (қатты жауын-шашын, қатты жел) олардың Қарағандыда қызмет ету мерзімі салыстырмалы түрде қысқа – екі маусым ғана.
Аталған нысандар қаланың 20 жерінде пайда болады. Олардың ең көп бөлігі Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы Тәуелсіздік алаңында шоғырланады. Оның ішінде – соңғы мерекеден қалатын биіктігі 18 м болатын бас шыршы. Қаланың ең ұзын көлік бағыттары (Бұқар жырау даңғылы, Карл Маркс және Магнитогорская көшелері), бір сарай мен үш мәдениет үйінің, қала әкімдігінің, теміржол вокзалының алдындағы алаңқайлар да көріктендіріледі.
Жаңа жылдық безендіру Тәуелсіздік күнінен кейін басталады. Жұмысты екі ЖШС – «Қарағанды Көркем» (Қазыбек би ауданы) және «Жаңа деңгей» (Әлихан Бөкейхан ауданы) жүргізеді.
goszakup.gov.kz сайтының хабарлауынша, 2021 жылы Қарағандыны түрлі мерекелерге сай безендіруге бюджеттен 158 миллион теңге жұмсалады. Жаңа жылға келетін болсақ, оның жалпы шығындардағы үлесі 20 пайызды құрайды.