Кәсіпкерлерден залалды өтеу туралы өтініштер қабылдау басталды

Жарияланды
Шешім қабылданғаннан кейін бір ай ішінде ақша өтініш берушіге аударылады деп болжануда

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеуге InfoKazakhstan.kz платформасында электрондық өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлайды.  Бұл туралы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл шара Үкімет бекіткен 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу механизміне сәйкес іске асырылады.

 Залалды өтеу туралы өтініш ЭЦҚ көмегімен https://infokazakhstan.kz сайты арқылы беріледі.

 Механизмге сәйкес залалды өтеу туралы өтініштерді өңірлік комиссиялар күнтізбелік 5 күн ішінде қарайды. Өтініш мақұлданған жағдайда ұсынылған мәліметтер мен құжаттар негізінде өңірлік комиссия айқындайтын мөлшерде қаражат бөлу туралы шешім шығарылады.
 

Сондай-ақ оқыңыз