ҚНРДА Центркредит банкіне Альфа банкті сатып алуға рұқсат берді

Жарияланды
Акционерлерінің ауысуы Альфа-Банктің санкциядан шығуына ықпал етеді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамына «Альфа-Банк» Еншілес Банкі» акционерлік қоғамын сатып алуға рұқсат берді.

«Банктер туралы заңның 17-1-бабы талаптарына сәйкес, «БЦК» АҚ Агенттікке Альфа-Банк банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім алуға өтініш пен құжаттар топтамасын ұсынды. «БЦК» АҚ Альфа-Банктің 100% дауыс беретін акцияларын сатып алуды және Альфа-банктің «БЦК» АҚ-қа қосылған соң, қайта ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Банктер туралы заңның 8-бабының 1 және 4-тармақтарында банктер басқа қаржы ұйымының акцияларының бақылау пакетін сатып алуы үшін банкте банк холдингінің болуы қажет және банктің басқа заңды тұлғаларға инвестициясының сомасы банктің меншікті капиталының 10%-нан аспауға тиіс екенді белгіленген» делінген агенттік таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта «БЦК» АҚ 147 млрд теңге мөлшерінде меншікті капитал мен 674 млрд теңге  мөлшерінде өтімділігі жоғары активтерге ие. «БЦК» АҚ Альфа-Банктің қосылуын ескере отырып,  5 жылдық бизнес-жоспар ұсынған.

Заңнама талаптарына сәйкес, «БЦК» АҚ тарапынан Альфа-Банктің банк холдингінің мәртебесін иеленуіне келісім беруге бас тартуына негіздер жоқ.

Осыған байланысты, Агенттік «БЦК» АҚ-қа Альфа-Банктің банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы оң шешім қабылдады дейді агенттік.

2022 жылғы 6 сәуірде АҚШ ресейлік Альфа-Банкке қатысты санкциялар аясын кеңейткенін еске сала кетейік. АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) шешімімен банк және оның еншілес ұйымдары, оның ішінде Қазақстанда орналасқандары да SDN (Specially Designated Nationals) тізіміне енгізілді. OFAC Альфа-Банкпен мәмілелерді аяқтау мерзімін 2022 жылғы 6 мамырға дейін белгіледі.

Банк акционерлерінің ауысуы Альфа-Банктің кейіннен АҚШ пен бірқатар басқа елдер енгізген санкциялардан шығуына ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыз