Осы аптада Home Depot, Walmart пен Cisco тоқсандық есебін жариялайды

Жарияланды
АҚШ-тың халық санағы бюросы сәуір айындағы бөлшек сауда жайын мәлімдейді

Осы аптада Home Depot, Walmart, Cisco Systems Target, Lowe’s және т.б. сынды компаниялар бірінші тоқсандағы табыс есебін жариялайды.  АҚШ-тың бөлшек сауда деректері де белгілі болып, Конференция кеңесі сәуір айындағы жетекші экономикалық көрсеткіштердің индексін шығарады, деп жазады  Barron’s.

Дүйсенбі күні компьютерлік ойындар шығатын Take-Two Interactive Software тоқсандық нәтижелерін жариялайды. Нью-Йорктің Федералды резерв банкі Эмпайр-Стейттегі өндірістік белсенділік туралы сауалнаманы жариялайды.

Сейсенбі, 17 мамырда әлемдегі ең ірі Walmart көтерме және бөлшек сауда желісін басқаратын америкалық компания 2023 қаржы жылының бірінші тоқсанындағы кірісі туралы ақпарат береді. Home Depot бөлшек сауда желісі, бақылау аппаратын шығаратын Keysight Technologies, қытайлық JD.com электрондық коммерция компаниясы, сонымен қатар Vodafone Group ұялы телефон операторы да  кірісі туралы есеп береді. Құрылыс және тау-кен жабдықтарын өндіретін Caterpillar мен Moderna фармацевтика компаниясы инвестор күндерін өткізеді.

АҚШ-тың Ұлттық құрылысшылар қауымдастығы мамыр айына арналған тұрғын үй нарығының индексін жариялайды.Ал Санақ бюросы сәуір айындағы бөлшек сауда деректерін шығарады.

Сәрсенбіде, 18 мамырда интегралды микросхема жасайтын Analog Devices, Bath & Body Works парфюмерия бренді, Cisco Systems трансұлттық компаниясы, Lowe’s бөлшек сауда желісі, Target сауда желісінің иесі тоқсандық нәтижелерін жариялайды. Веб-сайт жеделдету қызметінің провайдері Akamai Technologies, зертханалық жабдық өндіретін Thermo Fisher Scientific инвесторлармен кездеседі.

Бейсенбі, 19 мамыр күні электроника саласында жартылай өткізгіш (интегралды) микросхемаларды өндіруге арналған жабдық шығаратын Applied Materials, ақпараттық қауіпсіздік қызметін ұсынатын Palo Alto Networks компаниясы, Ross Stores төмендетілген баға дүкендерінің желісін басқаратын компания тоқсандық кірісі жайлы есебін талқылау үшін телефон конференциясын өткізеді.

Ұлттық риэлторлар қауымдастығы сәуір айындағы бар үйлердің сатылымы туралы есеп береді. Конференция кеңесі сәуір айындағы жетекші экономикалық көрсеткіштердің индексін ұсынады. Қазіргі уақытта Кеңес 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімін 3% құрайды деп болжайды.

Жұма, 20 мамырда Deere инжиниринг компаниясы 2022 қаржылық жылдың екінші тоқсанындағы нәтижелерін хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыз