Freedom Finance ребрендинг жасады

Холдинг басшысы Тимур Турлов компанияның жылдық есебін ұсынды

Freedom Finance ребрендинг жасады: енді топ  атауында Finance сөзі болмайды. «Бір бренд – мың мүмкіндік»  – экожүйенің жаңа ұраны. Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов бұл толыққанды экожүйе қалытастырудағы кезекті қадам деп атап өтті.

Экожүйе, нейминг  және негізгі бағыттар

Соңғы бірнеше жылда холдинг үлкен экожүйеге айналған, ал жаңа атау, расында, компанияның қаржылық қызмет шеңберінен шығып жатқанын білдіреді. Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі кезде жетістікке әртүрлі бизнесті қолға алып қана қоймай, оларды бір-бірімен жақсы біріктіріп, сабақтастыра алатындар жетпек. Оның айтуынша, дәл осындай жүйе барлық маманданған ойыншылардан басым түседі.

Холдинг құрамына кіретін компаниялардың платформалары мен қызметтерін біріктіру негізінде клиент компанияның басқа өнімдеріне автоматты түрде қол жеткізе алады: сақтандыру қызметі, брокерлік шот ашу, несие немесе бөліп төлеу жоспарын алу. Клиенттің мінез-құлқы, оның несие тарихы, бағалы қағаздар нарығындағы қызметі және т.б. деректерін пайдалана отырып, компания оған дербес несие шарттарын немесе депозит мөлшерлемесін ұсына алады.  

«Деректерді жинап және өңдеу, тұтынушыларымызға не қажет екенін жақсырақ түсіну арқылы оларға  біршама арзан қызмет ұсына аламыз, әлдеқайда жылдам және жақсы тариф ұсынамыз» деді Турлов. Оның айтуынша, экожүйені құру және дамыту арқылы холдинг өз кірісін де арттырады.

Топтың төрт негізгі бағыты бар: брокерлік қызмет, инвестициялық банкинг, банк  және инвестициялық қызмет. Холдинг стартаптарды тұрақты түрде қолдап келеді және акционерлердің ұзақ мерзімді өсуіне қызмет ететін жаңа технологиялар мен команда қалыптастырды. Топ экожүйесі бірін-бірі сәтті толықтыра алатын бизнестің әртүрлі бағыттарын қамтиды.

 Холдингтің сақтандыру бизнесіне цифрлық шешімдерді дамыта отырып, нарықтағы негізгі ойыншылар қатарындағы Freedom Insurance және Freedom Life кіреді. Freedom Insurance Қазақстандағы автосақтандыру нарығының 10%-дан астамын қамтып отыр. «Дегенмен ең бастысы – компания ойын ережелерін өзгеріп, сақтандыру полистерін онлайн сату жаңа стандартын жасады» деп атап өтті бизнесмен. Сақтандыру компанияларының жоспарында бүкіл процесті: төлемдер, шығындарды реттеу мен  корпоратив клиенттерге арналған қызметтерды автоматтандыру тұр. Freedom Life компаниясы өмірді сақтандырудың кең таралуына басымдық береді.

Смартфон сату саласында қарқын алып келе жатқан Freedom Mobile компаниясы уақыт өте келе гаджет сататын ғана емес, қаржы және сақтандыру қызметтеріне арналған кеңсе де болады. Мұнда клиентке мобильді қосымшаны баптауға, қаржы және сақтандыру қызметтерін түсінуге көмектеседі.

Тимур Турловтың айтуынша, егер бұрын банк бөлімшелерінің  көп болуы үлкен артықшылық саналса, қазір жағдай өзгерді.

Былтыр холдинг Freedom Pay-ді (бұрын Paybox.money деп аталған) сатып алғанын  жариялаған еді. Төлем сервисінің экожүйе шеңберіне қосылуы интернет-эквайринг, бөліп төлеу, кредит беру және өзге де қызметтерде өнім желісінің өсуіне серпін береді. Freedom Pay Қазақстанның интернет-эквайринг нарығының 25%-ын алып отыр. 2021 жыл  9 айының қорытындысы бойынша, қаржы айналымы $740 млн құрап, ал жалпы транзакция саны 82 млн асқан.

Ойын ережесін өзгертіп, нарықты бір серпілту

Банк бизнесі –  қысқа мерзімде бірегей цифрлық шешімдерді құруға ғана емес, сонымен қатар, брокерлік шотқа тікелей байланған инвестициялық карталарды ұсынуға мүмкіндік беретін кілттердің бірі. Қазір Freedom Bank  нарықтағы ипотека бойынша бірінші орында, «7-20-25″» ағдарламасы бойынша екінші орында тұр.

Google News сайтында бізге жазылыңыз